бейсенбі, 29 мамыр, 2025 3:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдықтар 91 қару-жарақты өз еркімен тапсырды

Жамбылдықтар 91 қару-жарақты өз еркімен тапсырды
Фото: Polisia.kz
Жамбыл облысында заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу бойынша акция жалғасуда.

21 сәуірден бері 91 бірлік қару өз еркімен тапсырылған. Оның ішінде 13-і – ойық ұңғылы, 78-і – тегіс ұңғылы қару.

Аталған шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңсыз қару айналымының алдын алу. Азаматтар ерікті түрде тапсырған қару-жарақ үшін олардың техникалық жағдайына қарай ақшалай сыйақы төленеді. Қару тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Қазіргі таңда тапсырылған қару түрлеріне баллистикалық сараптама тағайындалған. Сараптама қорытындысынан кейін тиісті өтемақы белгіленеді. Тұрғындар атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды облыстық және аудандық полиция бөлімдеріне тапсыра алады.

Полиция департаменті азаматтарды бұл мүмкіндікті пайдаланып, заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады. Заңсыз қару анықталған жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.


 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар