Жамбыл облысында 11,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 мамыр, 2025
- 161

Жамбыл облысында 3 айда пайдаланылмай жатқан 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет меншігіне қайтарылған жайылымдар жергілікті тұрғындардың мал жаю үшін ауылдық округтерге бекітіліп беріледі, қалған жерлер конкурс арқылы тапсырылады.
Елді мекендердің аумақтарына қосылған босалқы жерлердің жалпы қоры 378 мың гектарды құрады. Осылайша, елді мекендердің жер көлемі 363 мың гектардан 741 мыңға дейін ұлғайды. 2025 жылы тағы 20 мың гектарға өсу жоспарлануда.
Елді мекендердің аумақтарына қосылған босалқы жерлердің жалпы қоры 378 мың гектарды құрады. Осылайша, елді мекендердің жер көлемі 363 мың гектардан 741 мың гектарға дейін өсті. 2025 жылға қарай тағы 20 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда.
Бүгінгі таңда 41 елді мекеннің 17-сінде жайылым тапшылығы мәселесі шешілген. 9 елді мекенде бұл мәселе ағымдағы жылдың соңына дейін шешіледі. Алайда, 15 елді мекенде халық тығыздығы мен қала шегіне жақын болғандықтан жайылым тапшылығы мәселесін толық шешу мүмкін емес.
«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып, облыстың барлық аудандарында жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарлары бес жылға қайта бекітіледі. Бүгінгі таңда Талас, Жамбыл, Меркі, Сарысу аудандары бойынша жоспарлар бекітілді.