жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 12:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдықтар "Асыл домбыра" республикалық жобасының жеңімпазы атанды

Жамбылдықтар "Асыл домбыра" республикалық жобасының жеңімпазы атанды
ашық дереккөзі
Жамбылдықтар "Асыл домбыра" республикалық жобасының жеңімпазы атанды
2022 жылдың тамыз-қараша айларында Алматы қаласында «ASSYLTAS» қоғамдық қоры мен «Хабар» телеарнасының ұйымдастыруымен «Асыл домбыра» тележобасы өтті. Жалпы саны  17 облыс және 3 қаладан 20 команда бақ сынаған мегажобада жамбылдық айтыскерлер Қанат Мырзахан, Айтбек Тұрсынбаев, Дархан Әбдіманат БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды.  width= Соған орай «Асыл домбыра» тележобасының ұйымдастырушылары мен жеңімпаздарының қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.
  • "«Хабар» арнасында 4 ай бойы "Асыл домбыра" жобасы көрермен назарына ұсынылды. Ұлттық асыл өнеріміз -  айтысты кеңінен насихаттауға бағытталған жобаға еліміздің барлық 20 өңірінен 60 ақын қатысып, өзара додаға түсті. “Хабар” арнасының эфирінен қыркүйек пен желтоқсан айы арасында 18 эфир, 54 жұп айтысты.Тура жаңа жыл алдында патша көңілді көрермендеріміз "Асыл домбыраның" ақтық сынын тамашалады. Кіл мықтылар жиналған жобаның финалында Атырау және Жамбыл облыстарының ақындары кездесіп, жеңіс жамбылдық сайыпқырандарға бұйырды."- Берік Уәли «Хабар» агенттігі АҚ төрағасы.
Баспасөз конференциясынан кейін Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне асыл тастармен көмкерілген домбыраны табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға мегажоба ұйымдастырушылары  және жеңімпаздарымен қатар облыстағы зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.  width=
  • "Айтыс десе халықтың делебесі қозады. Біз Асылтас қоры арқылы 6 жылдан бері түрлі деңгейдегі айтыстарды ұйымдастырдық. Ал “Асыл домбыра” деген атпен екінші жыл қатарынан айтыс өтіп жүр. Бірақ бұл айтыстар ютуб арнасынан көрсетіліп келді. Жекелей жарыста Қазірет Бердіхан, Ринат Зайытовтар жеңімпаз атанған болатын. Асыл домбыра жобасы арқылы біз көпшіліктің ризашылығына бөлендік. Содан “Хабар” арнасынан осы айтысты көрсетуге ұсыныс түсті. Біз Жүрсін Ерман ағамызбен ақылдаса келіп, Берік Уәли мырза қолдап, командалық айтыс жасауды ұйғардық. Сөйтіп «Асыл домбыра» командалық сайысы көрерменге жол тартты. Айтыста фаворит саналған командалар болды, бірақ Жамбыл облысының командасы үздік өнер көрсетіп, жартылай финалда азулы Алматы құрамасын жеңіп, финалда да жолдары болды. «Асыл домбыраның»  Жыр алыбы Жамбылдың есімі берілген  өңірге бұйырғаны бекер емес деп ойлаймын."- Дулат Тастекеев, «ASSYLTAS» қоғамдық қорының құрылтайшысы.
Облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев алдыңғы жылы “Асыл домбыра” тележобасында ғана емес, “Жеті қазына” мегажобасында да бас жүлдені иеленген жамбылдықтардың жеңісі - мәдениет саласындағы ауқымды істердің жемісі екендігін атап өтті.  width= Айта кетейік, әулиеаталықтардың абыройын асқақтатып, мерейін тасытқан “Асыл домбыра” облыстық музейде Кенен Әзірбаевтың шапанының жанынан орын алды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар