жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жамкенжан, осы аурудан өлем, білем...». Жүрсін Ерман

«Жамкенжан, осы аурудан өлем, білем...». Жүрсін Ерман
ашық дереккөзі
«Жамкенжан, осы аурудан өлем, білем...». Жүрсін Ерман
Ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскеннен бері әлі төсекте ем қабылдап жатыр. Оның желідегі парақшасына Женевадағы аурухана төсегінде жатып, қасындағы зайыбына өлең оқыған видеолары жариялана бастады. Соңғы жүктелген видеода ақын «Жамкенжан, осы аурудан өлем білем, Алланың аманатын берем білем...» деп басталатын «Әсетпен Кемпірбайдың қоштасуы» жырынан үзінді оқыған. Ол сөзінен шошыған зайыбы Бақытжамал Ерманова алғашқы екі жолдан әрі оқытпай, күйеуінің маңдайынан сүйіп, аузын қолымен жаба қойды. Оны көрген жұрт жаппай ақынға зор денсаулық тілеп, өмірден үміт үзбеуін сұрап жатыр. Әрине, олардың ішінде Жүрсін Ерманның өзі өрге сүйреген айтыс ақындары мен өзге де өнер иелері бар.
Жүрсін аға, шауып кетесіз, бұйыртса! Бақытжамал жеңгеміздің арыстай ағамыздың маңдайынан сүйгені қандай жарасымды! - деп жазды солардың бірі Балғынбек Имашев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар