жұма, 21 наурыз, 2025 10:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Телефондар түске қарап бөлінеді": Қазақстанда мыңдаған смартфондар бұғатталмақ

"Телефондар түске қарап бөлінеді": Қазақстанда мыңдаған смартфондар бұғатталмақ
Jambylinfo.kz
Енді Қазақстанда ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын тіркеу үшін ақ, сұр және қара тізімдер енгізіледі.

Ақ тізімге сәтті тексеруден өткен және дерекқорға енгізілген құрылғылар кіреді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Сұр тізімге – күйі қосымша тексеруді қажет ететін, бірақ уақытша 30 күнге дейін желіде жұмыс істеуге рұқсат етілген құрылғылар енеді.
Қара тізімге сәйкессіз немесе өзгертілген сәйкестендіру коды бар, зауыттық IMEI нөмірі жоқ немесе GSMA халықаралық қара тізіміне енгізілген құрылғылар қосылады.

Сондай-ақ, оператор құрылғы иелерін олардың құрылғысының мәртебесі туралы хабардар етуге міндетті. Егер құрылғы сұр тізімге енсе, пайдаланудың заңдылығын растау қажеттігі туралы ескерту жіберіледі. Белгіленген мерзім ішінде тексеруден өтпесе, құрылғы автоматты түрде қара тізімге енгізіліп, мобильді желіге қолжетімділігі бұғатталады.

Идентификациялық кодтар дерекқорының операторы тексеру аяқталған сәттен бастап 3 жұмыс сағаты ішінде абоненттік құрылғыны қара тізімге енгізіп, тиісті хабарламаны ұялы байланыс операторларына жібереді. Ұялы байланыс операторы бұл хабарламаны алғаннан кейін абоненттік құрылғы иесін байланыс қызметтерін пайдалануға тыйым салынғаны және оның себебі туралы хабардар етеді.

Сонымен қатар, жөндеуден кейінгі құрылғыларды тіркеу бақылауы күшейтілді. Авторизацияланған сервис орталықтарында IMEI ауыстырылған жағдайда, мәліметтер GSMA халықаралық дерекқоры арқылы расталуы тиіс.

"Жеке тұлғалар кәсіпкерлік мақсатсыз, жеке пайдалану үшін Қазақстанға ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын әкелген кезде, мемлекеттік шекарадан өткені туралы мәліметтерді және (немесе) әкелуді растайтын құжаттарды ұсынуы қажет", – делінген хабарламада.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар