Жетісу облысында қазақ киносының онкүндігі басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 маусым, 2025
- 541
2025 жылдың 17 маусымында Талдықорған қаласында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ киносының онкүндігі» мәдени жобасы басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараның ашылу салтанаты І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтті. Жоба аясында халқымыздың даңқты ұлы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолы мен жарқын жетістіктері көркем бейнеленген «Қажымұқан» фильмі ұсынылды. Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.
Кино күндері аясында әртүрлі жанрдағы фильмдер көрсетіледі. Көрнекті тұлғалардың жүріп өткен жолын бейнелейтін «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан» фильмдері, отанға деген сүйіспеншілікті пен әскери қызметкерлердің өмірін баяндайтын «Набат операциясы», «Патриоттар уақыты» туындылары көрерменге жол тартады. Сонымен қатар дәстүр мен ұлт болмысын ашып көрсететін «Бауырына салу» фильмі де көрсетіледі.
Жобаның мақсаты – отандық туындыларды кеңінен таныстырып, ауыл-аймақ тұрғындарына ұлттық киноның жаңарған келбетін көрсету. Бұған дейін мұндай көрсетілімдер Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында өткен болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






