Қоғам

"Менің ақ Димашым". Ақтөбеліктер Димаш Құдайбергенге жаппай алғыс айтып жатыр

Димаш Құдайберген су тасқынына байланысты өзінің туған жері Ақтөбе өңіріне барды

Қазақстанның Халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбе өңіріне барып, су тасқынынан зардап шеккен адамдармен жолыққан, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл туралы әнші өзінің instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды. Әнші сонымен қатар, гуманитарлық көмекті үйлестіріп жатқан еріктілермен жолыққан. 

Әншінің бұл жазбасына Қазақстан халқымен қатар, оның шетелдегі фанаттары да қолдау білдіріп, қиын сәтте туған жеріне барған Димашқа алғыс айтып жатыр. Әсіресе, Ақтөбе тұрғындары Димашқа ыстық ықыластарын жеткізіп, "менің ақ Димашым", "біздің Димаш", "біз сені жақсы көреміз" деген тілектерін жазған. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Қазақстандағы қандай өнер иелері су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қаржылай қолдау көрсеткенін жазған едік.