«Су, кет, кет». Композитор Марат Омаров су тасқыны туралы жаңа ән шығарды
Қазір АҚШ-та жүрген Марат Омаров отандастарына ән арнады. Омаров «Аман бол, халқым» атты жаңа әнін табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен халқына арнаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өнер иесі бүгінгі күні Америка құрама штаттарында жүр. Танымал композитор елдегі жағдайға көңілі алаң екенін білдіріп, жүрек толқынысынан жаңа туынды жазды.
Марат Омаров жаңа әнін әлеуметтік желіде жариялады. Желі қолданушылар аталған әнге оң бағасын беріп, жүректі елжіреткенін жазған.
Еске салайық, композитор пандемия кезінде "Коронавирус, кет, кет, кет" деген ән шығарып, індетпен күрескен халықтың көңілін көтерген еді. Айта кетейік, бұған дейін де композитор Ринат Ғайсин тасқын болған аймақта жүріп, «Үміт жыры» атты жаңа ән шығарғанын жазғанбыз.