Елімізде
Ринат Ғайсин су тасқынына байланысты жаңа ән шығарды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 сәуір, 2024
- 556
Белгілі композитор, әнші Ринат Ғайсин жаңа ән шығарды. Сиясы кеппеген туынды жайлы ол ұлттық арнадағы “1001 түн” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Өнер иесінің сөзінше, “Үміт жыры” деп аталатын ән топан судан зардап шеккен халықтың көңіліне медеу болсын деген ниетпен шыққан. Сөзін Ербол Алшынбай, Шерхан Талап жазған. Жаңа әнді Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері орындайды.
"Ең бастысы, үмітіміз өшпесін. Әр қиыншылықтан кейін бір жақсылық болады дейді. Қазір өзім Атырауда жүрмін. Біз қазір ерікті ретінде 4-5 күннен бері Жайықтың жағасында бөгет салып жатырмыз. Мен өзім бұны әр адамның борышы деп білемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, - деді Ринат Ғайсин.