Спорт
Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға алтын бұйырмай тұр
- авторИндира Тәліпқызы
- 12 сәуір, 2024
- 519
Бішкекте еркін күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында еліміз тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бішкектегі Азия чемпионатының финалында ол 97 келі салмақтағы әлем чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновпен күресіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалды.
Сыралғы қарсыластар бұған дейін бірнеше рет кездескен. Өкінішке қарай, Түркияда өткен халықаралық турнирде де Тажудинов біздің балуанды жеңген болатын.
Еске сала кетейік, Ризабек Айтмұхан – 92 келі салмақта әлем чемпионы. Ол жаңа маусымды олимпиадалық салмақта бастап отыр.
Биылғы Азия чемпионатында спортшы жартылай финалда Үндістанның өкіліне мерзімінен бұрын тізе бүктірсе, оған дейін өзбекстандық Махсұд Вейсалов пен Қырғызстанның спортшысы Андрей Ароновты жеңген болатын.
Келесі мақала
Ринат Ғайсин су тасқынына байланысты жаңа ән шығарды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024
Спорт
Президент гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024