Биыл Тараздағы 45 763 оқушы жазғы лагерьлерде демалады
Олардың біразы мектеп жанындағы лагерлерге баратын болса, біразы сауықтыру орындарына жіберіледі
Биыл оқу жылының соңғы күні – 25 мамыр. Ал 26 мамырдан бастап оқушылардың жазғы демалысы басталады. Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова биыл балалардың жазғы демалысы мектептерде 2 бағытта өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Раушан Қожамжарованың айтуынша, биыл оқушылардың жазғы демалысы тиімді ұйымдастырылады және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім мекемелеріндегі жауапты педагогтерге семинарлардан өткен.
Сондай-ақ Раушан Қожамжарова мектеп жанындағы демалыс алаңдарына қамтылатын 70 мыңнан аса оқушы жазғы демалыста шығармашылық, спорттық, еңбек және т.б. бағыттарға бөлініп, ұлттық, танымдық іс-шараларға тартылатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев балалар кез келген жерде өздерін қауіпсіз сезініп, ойларын ашық айтуы керек деген еді.