сәрсенбі, 2 сәуір, 2025 13:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

30 наурызда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі

30 наурызда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі
pexels.com
Синоптиктердің болжамы бойынша, 30 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтілуде.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде фронтальды бөлімдердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Сонымен қатар, тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі, ал елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін. ​

Өз кезегінде, Тараз қаласында 30 наурыз күні күн ашық болып, жауын-шашын күтілмейді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірлерде су тасқыны қаупі сақталуда. Мысалы, Жетісу облысының таулы аудандары мен тау бөктеріндегі аймақтарында қатты жауын-шашын салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында да қолайсыз ауа райы күтілуіне байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Осыған орай, тұрғындарға ауа райы болжамдарын мұқият қадағалап, қажетті сақтық шараларын қабылдау ұсынылады.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар