дүйсенбі, 26 мамыр, 2025 9:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100 пайызға толды

Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100 пайызға толды
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді

Қазіргі таңда су қоймасында шамамен 18,5 млрд текше метр су жиналған. Министрліктің мәліметінше, оның толуы облыстағы Ақдала және Шеңгелді суармалы алқаптарын сумен толықтай қамтуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Айта кетейік, су қоймасының толық толуы қатарынан екінші жыл тіркеліп отыр. Оған дейін мұндай жағдай соңғы он жылда алғаш рет болған. 

Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің ағысын реттеуде маңызды рөл атқарады. Биылғы жылдың басынан бері Балқаш көліне 3,8 миллиард текше метр су жіберілген. Соның нәтижесінде Балқаштың деңгейі 12 сантиметрге көтеріліп, Балтық жүйесі бойынша 341,52 метрден 341,64 метрге жеткен. Көлдегі су көлемі 2 миллиард текше метрге артты.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар