бейсенбі, 29 мамыр, 2025 10:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз қаласында өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық рейд өтті

Тараз қаласында өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық рейд өтті
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі аясында Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қала аумағында өрт қауіпсіздігін сақтау және тұрмыстық қауіпсіздікті арттыру мақсатында профилактикалық рейд ұйымдастырды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Азаматтардың өмірі мен мүлкін өрттен қорғау – Төтенше жағдайлар органдарының күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Осы орайда басқарма қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке секторда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін еске салды.

Рейд барысында мамандардың ерекше назарында болған мәселелер:

Электр және газ құралдарын қауіпсіз пайдалану;

Пешпен жылытылатын үйлердегі қауіпсіздік шаралары;

Балалардың отпен ойнауына жол бермеу;

Аулаларда от жағу мен қоқыс өртеуге тыйым салу;

Көпқабатты үйлердегі эвакуациялық жолдарды таза ұстау.

Құтқарушылар тұрғындарға арнайы жадынамалар таратып, өрт қауіпсіздігі талаптарын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Әсіресе, тұрмыста жиі кездесетін қауіпті жағдайлар мен олардың салдары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Мамандар жеке тұрғын үй секторындағы пештердің техникалық жай-күйін тексеріп, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін құрылғылар бойынша ескерту жасады. Сонымен қатар рейд барысында балаларға да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сіріңке мен басқа да от көзімен ойнаудың қауіптілігі айтылды.

Профилактикалық іс-шара қорытындысы бойынша ондаған үйге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бірнеше нысанда өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тексеріс жасалды. Нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қолданылды.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғасын табады. Себебі кез келген төтенше жағдайдың алдын алу – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең тиімді жолы.

Өрт қауіпсіздігі – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Сондықтан құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және қауіпті жағдайларды болдырмауға шақырады.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар