жұма, 28 наурыз, 2025 15:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ердоған наразылық білдірушілерге үндеу жасап, «арандатуды тоқтатуға» шақырды

Ердоған наразылық білдірушілерге үндеу жасап, «арандатуды тоқтатуға» шақырды
Фото: armenpress
Бұл туралы Euronews мәлімдеді

Түркияда соңғы жылдардағы ең ауқымды үкіметке қарсы наразылық шерулері алтыншы күн қатарынан жалғасуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  

 

Мыңдаған адам Түркияның түрлі қалаларында көшеге шығып, өз талаптарын білдіруде. Наразылық білдірушілер Стамбұл мэриясының алдына да жиналып, қала басшысы Экрем Имамоглуды босатуды және елде кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді талап етті.

Президент Режеп Тайып Ердоған халыққа телеүндеу жасап, наразылықтарға байланысты пікір білдірді. Ол оппозициялық Республикалық халықтық партияны (РХП) қоғамдық тәртіпті бұзды деп айыптап, шерулерді «зорлық-зомбылық қозғалысы» деп атады.

— Мен бұл үндеуді бұған дейін бірнеше рет жасадым, бүгін тағы қайталаймын: Біздің азаматтарымыздың тыныштығын бұзуды тоқтатыңыздар! — деді Ердоған.

Сонымен қатар, ол РХП төрағасы Өзгүр Өзелді шерулерге жауапты деп атап, оның сот алдында жауап беретінін ескертті.

— Бұл әрекеттер үшін парламенттік деңгейде саяси жауапкершілік, ал сот алдында заңды жауапкершілік болады, — деді Түркия басшысы.

Айта кетейік, Стамбұл мэрі Экрем Имамоглу қызметінен шеттетіліп, қамауға алынған. Ол жемқорлық және елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясын (КЖП) қолдау айыптары бойынша тергелуде.

Осыған байланысты елдің ірі қалаларында жаппай наразылық шерулері өтті. Стамбұлда, Анкарада, Измирде және Ризеде мыңдаған адам көшеге шықты. Алайда Стамбұл билігі митингілер мен жиналыстарға тыйым салған. Соған қарамастан, елдегі наразылық акциялары әлі де жалғасуда.

23 наурыз күні Экрем Имамоглу Түркия президенттігіне кандидат ретінде ұсынылғаны белгілі болды.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар