жұма, 9 мамыр, 2025 19:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Руслан Берденов тірі, қазір ота үстінде: әріптестері оның жағдайы туралы айтты

Руслан Берденов тірі, қазір ота үстінде: әріптестері оның жағдайы туралы айтты
Фото: t.me/mazhilis_kz
Бұл туралы оның партияласы Бейбіт Әлібеков Telegram-арнасында мәлімдеді

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің маңында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке белгісіз адам оқ атқан. Шенеунік дереу ауруханаға жеткізіліп, қазіргі таңда ота жасалып жатыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Достар, әріптестер! Руслан Берденов тірі. Қазір ота үстінде. Оған үш рет оқ атылған, екеуі денесіне тиген. Абырой болғанда, өмірлік маңызы бар ағзалар зақымданбаған», – деп жазды Әлібеков.

Күдікті оқиға орнында ұсталған.

Айта кетейік, Руслан Берденов биыл ақпанда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілген. Бұған дейін Мәжіліс депутаты болған, кейін депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар