бейсенбі, 8 мамыр, 2025 0:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының әкімі Мұхтар Шахановпен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Мұхтар Шахановпен кездесті
Ақәділ Рысмахан
Сондай-ақ, А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында ақынның қаламынан туған «Танакөз» поэмасы көпшілік назарына ұсынылды

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ақын, драматург, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановты кездесті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аймақ басшысы жылы жүздесуде қоғам қайраткерінің қазақ әдебиетіндегі орны ерекше екенін атап өтті. Ол өз сөзінде көрнекті ақын әдебиетке, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқанынын және егемендіктің елең-алаң шағында қазақ тілінің шын жанашыры, діл майданының сардары болғанын жеткізді. Айта кетсек, екі жыл бұрын Мұхтар Шахановтың түркі ынтымағына сіңірген еңбегі ескеріліп, Ұлытау төрінде өткен Ұлттық Құрылтайдың алғашқы отырысында оған Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілген еді.

Сондай-ақ, А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында ақынның қаламынан туған «Танакөз» поэмасы көпшілік назарына ұсынылды. Адал достық пен мөлдір махаббат деген ғаламат сезімді ерекше эмоция, әуезді әнмен жеткізген спектакльде тараздықтар әдемі мақпал сезімге бөленді. Театр көрерменін қуантқан қойылымды жұртпен бірге поэма авторы Мұхтар Шаханов та тамашалады.

«Бүгін әулиеаталық көрермендер 22-23 жасымда жазған шығармамды тамашалады. Осы ретте өнерді бағалайтын, ақынын құрметтеген көне шаһардың жұртшылығына алғысымды білдіргім келеді», – деді ақын.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар