жексенбі, 18 мамыр, 2025 20:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздық полицей өртке оранған үйден қарт кейуананы аман алып қалды

Тараздық полицей өртке оранған үйден қарт кейуананы аман алып қалды
ашық дереккөз
Тараздық полиция қызметкері Бейбіт Ақылбай қызыл жалын шарпыған өрт ортасынан қарт кейуананы аман алып шығып, көзсіз ерлік көрсетті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

2025 жылдың 1 мамыр күні, сағат 11.30 шамасында ҚР ІІМ Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының аға сержанты Бейбіт Ақылбай түнгі кезекшіліктен қайтып келе жатып, Желтоқсан көшесі бойындағы жеке тұрғын үйден өрт шығып жатқанын байқайды.

Тәртіп сақшысы бірден үйдің ауласына кіріп, жанұшыра көмек сұраған әйел кісіні көреді. Ол өрт сөндіру қызметінің бірыңғай байланыс нөміріне хабарласқанын айтып, алайда жанып жатқан үй ішінде аяқалысы қиын қарт кісі қалғанын жеткізді.

Бейбіт Базарқұлұлы ә деген үй терезесінің темір қоршауын бұзып кіріп, шалажансар иістен улануға шақ қалған қарт кейуананы қауіпсіз жерге алып шыққан. Осылайша ол өрт сөндіру қызметі келгенше алғашқы медициналық көмек көрсетіп, егде жастағы әжені аман алып қалады. Өрттен зардап шеккен тұрғындарды жедел жәрдем мамандарына табыстап, олардың өміріне еш қауіп төніп тұрмағанына көз жеткізіп, үйіне қайтады.  

Көзсіз ерлік танытқан құзырлы орган қызметкерінің әрекетін көзбен көрген куәгерлер, аптал азаматтың дереу қабылдаған шешіміне тәнті болып, ризашылығын білдіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Алғыс арқалаған бейнеролик аз уақыттың ішінде мыңдаған қаралым жинап, ізгі ілтипат пен ақжарма пікірлер жинауда.

Айта кетейік, өткен аптада Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы «Ұлы Дала» шағынауданында орын алған көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде батылдығымен көзге түсіп, жанашыр үлкендермен бірге балаларды құтқаруға атсалысқан тараздық мектеп оқушысы Қыдырәлі Қыздарбекпен кездесіп, алғыс хат пен сый-сияпат табыстаған болатын.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар