Әлемде
Бішкектегі жылу апаты: Қырғыз премьер-министрі Алматыдан ұшып кетуге мәжбүр болды
- авторjambylinfo.kz
- 2 ақпан, 2024
- 678
Бішкектегі жылу апаты: Қырғыз премьер-министрі Алматыдан ұшып кетуге мәжбүр болды
Бүгін таңға жуық Қырғыз Республикасының астанасы Бішкектің жылу электр станциясында ірі апат орын алып, салдарынан қала тұрғындары түгелдей жылусыз қалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
24.kg қырғыз ақпарат агенттігінің жазуынша, станцияның бес жұмысшысы жараланған. Қаладағы мектеп пен балабақшалар жұмысын тоқтатып, онлайн форматқа ауысты. Үйлер мен мекемелерде ыстық су мен жылу жоқ.
Осыған байланысты, бүгін Алматыда жүрген Қырғыз Республикасының премьер-министрі Ақылбек Жапаров шұғыл түрде Бішкекке оралды.
Айта кетейік, ол Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жиынына қатысу үшін 1 ақпанда Қазақстанға келген еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Женевада Димаш Құдайбергенге Ғаламдық ізгі ниет елшісі атағы берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 9 желтоқсан, 2025
Әлемде
Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып, цунами қаупі жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 9 желтоқсан, 2025






