жұма, 24 сәуір, 2026 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нұржас Садырбаев Voice Beyond Horizon байқауының жеңімпазы атанды

Нұржас Садырбаев Voice Beyond Horizon байқауының жеңімпазы атанды
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген байқау жеңімпазы Нұржас Садырбаевты құттықтап, жұртты оған қолдау білдіруге шақырды.

Қазақстандық әнші Нұржас Садырбаев әлемдік деңгейдегі Voice Beyond Horizon жобасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл байқау Димаш Құдайбергеннің бастамасымен жүзеге асқан халықаралық музыкалық жоба ретінде көптің назарын аударған еді.

Жеңімпазды арнайы құттықтаған Димаш Құдайберген оның өнеріне жоғары баға беріп, тыңдармандарды жас талантқа қолдау көрсетуге шақырды.

"Қытайдың ең ірі телеарналарының бірі – Hunan TV арнасында өткен Voice Beyond Horizon халықаралық байқауында жеңіске жеткен Нұржас Сыдырбаевты шын жүректен құттықтаймын.

Нұржас Қазақстанды лайықты деңгейде таныстырып, өзінің талантымен көрермендердің ықыласына бөленді", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Voice Beyond Horizon жобасы Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп дайындалған. Бағдарлама алғаш рет биыл ақпанда көрерменге ұсынылса, оның түсірілім жұмыстары өткен жылдың қыркүйек айында басталған болатын.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар