2025 жылы педагогтердің жалақысын арттыру мәселесі қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған. Алайда Премьер-министр Олжас Бектенов
елімізде мұғалімдерге сынып жетекшілігі үшін төленетін қосымша ақыны 30 пайызға дейін арттыру мүмкіндігі қаралып жатқанын айтқан болатын, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Балалардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша оқушылармен және олардың ата-аналарымен тікелей жұмыс істейтін 220 мың сынып жетекшінің қызметін жүйелеу мақсатында олардың қызметіне қатысты ереже және біліктілік сипаттамалары қайта қаралады. Олардың мәртебесін арттыру үшін бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, сынып жетекшілігі үшін қосымша ақыны кезең-кезеңмен 30 пайызға ұлғайту мәселесі талқыланып жатыр", - деді Үкімет басшысы Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.
Айта кету керек, педагогтердің жалақы мөлшері білім деңгейіне, біліктілік санатына, жұмыс өтіліне, орындалатын жұмыстың көлеміне, сондай-ақ еңбек жағдайлары үшін өтемдік және ынталандырушы қосымша төлемдер мен үстемеақылардың болуына байланысты есептелінеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Биыл елімізде мектептерге 8 мыңға жуық педагог жұмысқа орналасты
- авторМағжан Орынбасар
- 11 желтоқсан, 2024