Білім
Астаналық оқушылар Барселонадағы халықаралық STEM олимпиадасынан жүлдемен оралды
- авторАрайлы Жақсылық
- 16 шілде, 2025
- 568
Астанадағы №84 мектеп-лицейінің оқушылары Барселонада өткен халықаралық STEM Olympiad 2025 байқауында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Олар Қазақстан атынан өнер көрсетіп, күміс және қола медальдарға ие болды.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушылар инженерия, бағдарламалау, робототехника және 3D модельдеу бағыттары бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсеткен. Олардың жобалары мен шешімдері халықаралық қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланған.
Нәтижесінде:
• Нурасыл Рыскулбеков – қола медаль
• Айша Темірхан – күміс медаль
• Бижан Ашыхатов – күміс медаль иеленді.
Аталған байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 78 команда құрамында 260-тан астам оқушы қатысқан.
Ұқсас жаңалықтар
Білім
Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталуға жақын
- авторМағжан Орынбасар
- 29 желтоқсан, 2025
Білім
Биыл қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 922 медаль еншіледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 желтоқсан, 2025





