Білім
Қазақстандағы мектептерде тамақ мәзірінің жаңа стандарты әзірленеді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024
- 91
Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты
Қазақстанда оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Massaget.kz жазуынша, Әлназарова кейінгі екі жылда Қазақстанда 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанатынын айтқан. Бұған жыл сайын 175 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінеді.
"Бүгінгі таңда келесі қадамды жасау маңызды: еліміздің барлық мектебі үшін балаларымыздың сапалы, теңдестірілген және қауіпсіз тамақтануының кепілі болатын жаңа стандартты әзірлеу", - деп жазды Әлназарова әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен бірге ЮНИСЕФ-тің қолдауымен мектептегі тамақтану мәселелерін талқыланған.