жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Балабақшаларға жаңа санитарлық талаптар енгізілмек

Балабақшаларға жаңа санитарлық талаптар енгізілмек
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді

2025-2026 жылдардың жаңа эпидемиялық маусымына дайындық жөнінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қаулы 2025–2026 жылдардағы ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізуді көздейді.

Оның ішінде:

ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;

медициналық ұйымдарда кіре берісте «сүзгілердің» жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктердің болуы;

ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға үйде шақыруға бірінші кезекте қызмет көрсету;

балабақшаларда күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды шеттету;

Сонымен қатар орта білім беру ұйымдарында бір сыныптағы оқушылардың 20–30%-ы бір инкубациялық кезең ішінде ЖРВИ-мен ауырған жағдайда, жалпы білім беретін ұйымдарда кабинеттік оқыту жүйесі жойылады және күнтізбелік 10 күн ішінде жаңа балаларды сыныптарға қабылдауға тыйым салынады.

— Бір инкубациялық кезең ішінде оқушылардың жалпы санының 30%-ы және одан көбі ЖРВИ-мен ауырған жағдайда, оқушылар онлайн оқытуға көшіріледі, — делінген комитет таратқан ақпаратта.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар