Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелген түлектерге маңызды мәлімдеме жасады. Орталықтың хабарлауынша, 23 және 24 мамырға жоспарланған тестілеу күндері өзгертілді.
Мұндай шешім мектептердегі "Соңғы қоңырау" күнінің ауысуына байланысты қабылданған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Құрметті 23 және 24 мамыр күндері ҰБТ тапсыруға тіркелген талапкерлер!
Соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілді. 23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады. 24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады. Тестілеудің жаңа күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы сіздің жеке кабинетіңізде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар сізге SMS-хабарлама жіберіледі. Соңғы қоңырауға және алдағы ҰБТ-ға дайындықта сәттілік тілейміз!" - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Білім
Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталуға жақын
- авторМағжан Орынбасар
- 29 желтоқсан, 2025
Білім
Биыл қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 922 медаль еншіледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 желтоқсан, 2025





