Елімізде 91 мыңнан астам мектеп мұғалімі тегін біліктіліктті арттыру курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 11:01
- 27
ҚР Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 2025 жылдың басынан бері еліміз бойынша орта білім беру жүйесінің 91 мыңнан астам педагогі тегін біліктілікті арттыру курстарынан өткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бағдарламалар бастауыш сынып, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы және дене шынықтыру пәні мұғалімдерін қамтиды. Сондай-ақ, педагогтер инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық құзыреттілік бағыттары бойынша да дәріс тыңдады.
Оның ішінде, 70 мыңға жуық сала маманы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында курстан өтсе, 18 мыңға жуығы «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтында оқытылды. Сондай-ақ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында арнайы тегін курстар ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
"Заң және тәртіп": Елімізде 1,5 млн оқушы бір мезгілде мазмұндама жазды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қараша, 2025






