Еліміздегі мектептерде «Адал азамат» бағдарламасы аясында жаңа форматтағы іс-шаралар өтуде
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 17:58
- 54
Еліміздегі мектептерде «Адал азамат» бағдарламасы аясында жаңа форматтағы іс-шаралар өтуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еліміздің білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде Ұлттық кітап күніне арналған «Ғылымға апарар жол» атты ауқымды іс-шаралар легі басталды. «Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы» онкүндігімен ұштасқан бұл бастама оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын оятып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталды.
Кітап мерекесіне орай Ақтөбе қаласындағы №84 орта мектепте «Яссауидің рухани мұрасы» атты көрме ұйымдастырылып, бастауыш сынып оқушылары «Абай дана, Абай дара» танымдық жобасын әзірледі. Мектеп оқушылары сонымен қатар ғалымдармен сұхбат құрды. «Ғылым – болашақтың кілті» атты ашық диалог алаңында балалар мектепке шақырылған ғылымдармен еркін пікір алмасып, ғылым мен білімнің заманауи мүмкіндіктерін талқылады.
Ұқсас жаңалықтар
Еліміздегі білім беру ұйымдарында Балалар әдебиеті онкүндігі өтуде
- авторМағжан Орынбасар
- 13 сәуір, 2026




