жұма, 10 сәуір, 2026 11:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елордада жас ғалымдардың халықаралық сайысы басталды

Елордада жас ғалымдардың халықаралық сайысы басталды
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астанадағы №115 жалпы орта білім беретін мектеп базасында 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурс басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шара сәуір айының 12-сі күні қорытындыланады.

Зияткерлік сайыс Ғарышкерлер күні мен Ғылыми қызметкерлер күніне орай ұйымдастырылуда. Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Қытай мен Түркиядан шамамен 200 оқушы және 20 ғылыми жетекші қатысуда.

Конкурстың негізгі мақсаты дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, жасөспірімдер арасында ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықты арттыру, ғарыш саласындағы отандық және әлемдік жетістіктерді насихаттау, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту.

Ғылыми жарыс үш бағыт бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, AEROO Satellite Launch Competition аясында қатысушылар наноспутниктерді жобалап, құрастырып, ұшырады. Ал AEROO Space AI Competition секциясында жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып ғарыштық жобалар әзірленеді. «Күн жүйесі» AEROO Rocket Science Competition бағыты бойынша су және модельдік зымырандар құрастырылып, сынақтан өткізіледі.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар