бейсенбі, 21 қараша, 2024 23:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Оқушылар онлайн оқи ма?». Министрлік жауап берді

«Оқушылар онлайн оқи ма?». Министрлік жауап берді
фото - ашық дереккөзден
Желіде қашықтан оқу 15 қыркүйектен басталатыны туралы ақпарат тараған еді

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желіде тараған оқушылардың қашықтан оқитыны туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған мәліметте қыркүйек айыныңортасынан бастап Қазақстанда маска тағу режимі енгізіліп, оқушылар онлайн оқуға жіберілетіні айтылған. Осыған орай  ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

«Желіде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтан оқытуға жібереді және мекемелерде маскамен жүру режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, биылғы  жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін ғана енгізіледі. Барлық азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз», – делінген ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.

  

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар