сенбі, 15 ақпан, 2025 21:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2025 жылы білім саласында қандай өзгерістер болды?

2025 жылы білім саласында қандай өзгерістер болды?
фото - ашық дереккөзден
Бұл сұраққа министрлік жауап берді

Бүгінгі таңда орта білім беру жүйесінде 7964 мектеп жұмыс істейді, онда 3,9 млн-нан астам бала оқиды және 406 мың педагог еңбек етеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Екі жыл қатарынан ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 10 есеге артты, бұл мыңдаған балаларға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Ел тарихында тұңғыш рет бірден екі педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болып, ерекше құрмет белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені табысталды. Бұл еліміздің педагогтарының еңбегіне Президент көрсеткен жоғары баға, құрмет пен сенім. Сонымен қатар Мемлекет басшысының қолынан 27 педагог «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша тағы 64 педагог «Үздік педагог» мәртебесіне ие болды. Барлық 93 педагогқа 1000 АЕК (3,9 млн теңге) мөлшерінде мемлекеттік сыйлық көзделген.

Мұғалім болғысы келетін жастар саны едәуір өсті. Егер өткен жылы «Алтын белгінің» 1500 иегері педагог жолын таңдаса, 2024 жылы олардың саны 1800-ге дейін өсті. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша еліміздің мектептеріне 8 мыңнан астам педагог еңбек етуге келді.

Сапалы білім беру және мақсатты тәрбие білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби әлеуетімен тығыз байланысты. Оларды Мемлекет басшысының бастамасымен «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында дайындайды. Сонымен қатар биыл мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім берудің 376 педагогы сертификатталды. Бұдан басқа, 80 мыңнан астам мұғалім «Өрлеу» БАҰО АҚ ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде ауыл педагогтары 57,8% құрады.

Бүгінде мектептердің 67% ауылдарда орналасқан. Қала мен ауылдағы білім беру мекемелерінің білім сапасының айырмашылығын теңестіру мақсатында «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы әзірленді. Ол Ақтөбе облысында «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, шағын жинақталған ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту», Алматы облысында «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім беру сапасын арттыру» және Маңғыстау облысында «Отпан» тірек мектептерінің желісін дамыту», Ұлытау өңірінде «Ustaz Ulytau» сияқты басқа да өңірлік бастамалар шеңберінде іске асырылуда. Жалпы, жоба нәтижелері 2023 жылмен салыстырғанда шағын жинақталған ауылдық мектептердегі білім сапасы орта есеппен 7-9%-ға артқанын көрсетті.

Әлеуметтік осал отбасылардың балаларына әлеуметтік қолдау көрсету үшін білім алушыларды бітіру емтихандарына дайындауда 2024 жылғы қыркүйекте еліміздің 3180 мектебінде «Цифрлық мұғалім» атты жаңа жоба іске қосылды. Оқушыларға электрондық платформалар мен цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етілген. Негізгі пәндер бойынша қосымша сабақтармен  21114 білім алушы қамтылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі ҚР ЦДИАӨМ, Astana Нub халықаралық технопаркімен және «Өрлеу» БАҰО АҚ-мен бірлесіп оқушылар мен педагогтарға арналған бағдарламалау негіздерін оқыту бойынша онлайн-білім беру платформасының пилоттық жобасын іске қосты. 300-ден астам мұғалімдер мен жаттықтырушылар «Жасанды интеллект» және Game Development сияқты екі бағыт бойынша біліктіліктерін арттырады. Сонымен қатар 27 мыңнан астам оқушы бағдарламалау дағдыларын үйренеді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар