жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жалпыға бірдей білім беру қоры»: 25,3 млрд теңге ата-аналардың есепшотына аударылған

«Жалпыға бірдей білім беру қоры»: 25,3 млрд теңге ата-аналардың есепшотына аударылған
Орталық коммуникациялар қызметі
Қазақстандық оқушылар осылайша 100% оқу құралдарымен қамтылған

Жаңа оқу жылының қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы оқушылардың барлығы «Жалпыға бірдей білім беру қоры» аясында толық қамтылды. Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алуға 25,3 млрд теңге аударылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, 500 мыңнан астам балаға қолдау көрсетілген. Оның ішінде — жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, аз қамтылған отбасылардың балалары, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар бар.

«Жалпыға бірдей білім беру қоры жыл сайын балалардың жаңа оқу жылына дайындалуына көмектеседі. Бұл ата-аналарға балаларын мектепке дайындауға мүмкіндік береді және әрбір оқушы үшін тең мүмкіндіктер жасайды. Аталған қор — мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Биылғы жылы бір балаға берілетін ең төменгі төлем мөлшері 46 228 теңгені құрайды. Сонымен қатар, мәслихаттардың шешімімен кейбір өңірлерде жоғарырақ көрсеткіштер белгіленген: Алматы қаласында — 55 000 теңге, Жамбыл облысында — 53 117 теңге, Павлодар облысында — 53 663 теңге.

2023 жылдан бері материалдық көмектің көлемі бір балаға 17 мыңнан 46 мың теңгеге дейін 2,5 есеге артты.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар