Жамбыл облысында республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталды
- авторjambylinfo.kz
- 27 ақпан, 2024
- 951
Тараз қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.
Конкурстың республикалық кезеңіне 867 оқушы 679 жоба әкелген, оның ішінде 62 оқушы ауылдық елді мекендерден келген. Бағдарламаға сәйкес қатысушыларға тарихи ескерткіштер мен мұражайларға мәдени-танымдық экскурсиялар мен ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады.
Конкурстың ережесі бойынша қорытынды кезеңде қатысушылар санының 45 %-ы ҚР Оқу-ағарту министрінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталады. Сонымен қатар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге еліміздің беделді жоғары оқу орындарының 20-ға жуық ректорлық білім гранттары табысталады.
Конкурстың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ең үздік жобалары АҚШ-та өтетін Regeneron ISEF-2024 Дүниежүзілік Ғылым және техника көрмесіне Қазақстанның атынан қатысады, онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген 3500-ден астам оқушылардың зерттеу жобаларының ең үздік өнертабыстары ұсынылады. Конкурс жеңімпаздары 1 наурыз күні марапатталады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы мектептерде тамақ мәзірінің жаңа стандарты әзірленеді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024