Білім басқармасының бастамасымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Сыбайлас жемқорлық – бұл теріс заңды және әлеуметтік құбылыс» тақырыбында колледж студенттері арасында облыстық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Пікірсайысқа Жаңатас көпсалалы колледжінен «Алғырлар», Жамбыл политехникалық жоғары колледжінен «Жеңіс», «Мүмкін емес», «Білім», Қаратау құрылыс-техникалық колледжі атынан «Парасат», «Алаш», сондай-ақ Жамбыл медициналық жоғары колледжінен «Жас алаш» фракциялары қатысты. Турнир басырында белсенді жастар талдамалы және сындарлы ойлау, өз ұстанымын қорғау, білгірліктері мен шебер сөйлеу сияқты қабілеттерін көрсете білді. Сайысқа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының бас маманы А.Ажибаев және облытық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Ә.Әбдіразақ қазылық етті. Пікірсайыс нәтижесінде І орынды Жамбыл медициналық жоғары колледжінің «Жас алаш» фракциясы жеңіп алды. Ал жүлделі ІІ орынды Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің «Мүмкін емес» фракциясы, ІІІ орынды Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің «Алаш» фракциясы иеленді. Жеңімпаздарға турнирдің кубогі мен диплом табысталса, қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Тіс пастасынан күдікті зат табылды
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде жасөспірімдердің түнде ересектерсіз жүру фактілері 107,5 мыңға дейін өскен
- авторМағжан Орынбасар
- 27 желтоқсан, 2024