бейсенбі, 21 қараша, 2024 19:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

32 тісті емдетуге 34 млрд теңге бөлді: Қазақстанда кім тісін  тегін емдете алады?

32 тісті емдетуге 34 млрд теңге бөлді: Қазақстанда кім тісін  тегін емдете алады?
Сурет ашық дереккөзден алынды
Биыл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша стоматологиялық емдеуге 34 миллиард теңге бөлінді. Бірақ тегін көмекті арнаулы санаттағы азаматтар ғана алады, деп  хабарлайды jambylinfo.kz. 24.kz-ке сілтеме жасай отырып.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас стоматологы Назым Бектұрғанованың айтуынша, елімізге барлық құрал-жабдық, тіпті мақта-тампондарына дейін импортталады. Инфляция неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қызмет көрсету бағасы өседі. Әрине, бағаны реттеп отыру біздің қолдан келмейтін дүние. Сондықтан арнайы санаттағы азаматтар ғана мемлекет тарапынан тегін стоматологиялық көмек алуға мүмкіндігі бар.


«Мәселен кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті аясында «шұғыл жәрдем» қызметін кәмелет жасқа толмаған балалар, жүкті әйелдер, ардагердер, мүгедектер, көпбалалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, зейнеткерлер, жұқпалы аурумен ауыратын науқастар және мүгедек баланы күтушілер алады. Ал «жоспарлы көмек» тек балалар мен жүкті әйелдерге қарастырылған. Ал басқалардың шығындалуына тура келеді», дейді ол.


Мәселен тіс жұлдыру үшін кем дегенде 10-15 мың теңгеңіз болуы керек. Ал оны емдетіп, пломба салу 15 мыңнан басталады. Имплант бағасы болса, 100 мың теңгеден жоғары. 


Сондай-ақ, биыл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стоматологиялық көмек көрсететін 838 медициналық ұйымымен шарт жасасты. Оның 519-ы жекеменшік, қалған 319-ы мемлекеттік нысан саналады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар