Денсаулық
Алексей Цой: Жаңа толқынның болу-болмауы бізге байланысты
- авторjambylinfo.kz
- 14 қыркүйек, 2020
- 257
Алексей Цой: Жаңа толқынның болу-болмауы бізге байланысты
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, шамамен 5 мың өкпені жасанды желдету аппаратын сатып алуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жеткізіліп те жатыр. Қазақстан ауруханаларында бүгінде 3 мыңнан астам аппарат орнатылған екен. 1,5 мың аппаратты отандық өндірушілер шығарған. Сонымен бірге алдағы бірнеше аптада барлық аппарат жеткізілетінін мәлімдеді.
Бүгінде еліміздің ауруханаларында коронавируспен және өкпе қабынуымен 4 800-ден аса науқас ем-дом қабылдап жатыр.
"Қазір ахуал тұрақты. Көршілес елдерде, әсіресе, Еуропа пен ТМД елдерінде ауру өсімі байқалады. Сондықтан біз үшін осы ахуалды ұстап қалу өте маңызды. Көрсеткіштер жақсы болғанына қарамастан, төсек-орын қорын ұлғайтып, дәрі-дәрмек сатып алып жатырмыз. Жеке қорғаныс құралдарымен, медициналық бетпердемен қамтамасыз етеміз. Біз індеттің келесі толқынына дайындалудамыз. Әрине, біз үшін оның болмағаны өте маңызды. Ең маңызды факті – әлеуметтік арақашықтық пен бетперде. Аурудың 30 пайызы бетперде тағуға және 40 пайызы әлеуметтік арақашықтықты сақтауға байланысты екендігін бірнеше мәрте айттық. Осыны ұстануға шақырамыз. Індет толқынының болуына не болмауына біз өзіміз ықпал етеміз. Біздің әрқайсымыз осынау ахуалға ықпал ете аламыз. Қазір денсаулық сақтау жүйесіне келесі толқынға дайындық пен алдын алу-түсіндіру жұмыстары ғана байланысты. Ал қалғаны біздің әрқайсымызға, жиі қарым-қатынаста болуымызға, бетперде тағуымызға байланысты екендігі анық", деді Алексей Цой.
egemen.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз