дүйсенбі, 19 қаңтар, 2026 13:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы облысында бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды

Алматы облысында бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды
Денсаулық сақтау министрлігі
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасында көп ағзалық донорлық процесс жүргізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Дәрігерлік консилиумның қорытындысы бойынша 1979 жылы туған пациентте мидың өлімі анықталды. Түсіндірме әңгімеден кейін туыстары қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беру туралы шешім қабылдады.

Барлық кезеңдерді ұйымдастыруды және үйлестіруді Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық қамтамасыз етті. Донорлық процесс барысында екі бүйрек, жүрек, бауыр және мөлдір қабық алынды.

Барлық донорлық ағзалар бейінді медициналық ұйымдарға жедел жеткізілді. Жүрек, бауыр, бүйрек және мөлдір қабықты трансплантаттау сәтті аяқталды. Медициналық көмек пациенттерге, оның ішінде республикалық күту парағында тұрған балаға көрсетілді.

Денсаулық сақтау министрлігі туыстарына көрсеткен батылдығы мен басқа адамдардың өмірін сақтап қалуға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда трансплантаттауды күту парағында 4 506 пациент, оның ішінде 123 бала бар. Басым көпшілігі - 90%-дан астамы - бүйректі трансплантаттауды қажет етеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар