сейсенбі, 22 қазан, 2024 18:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
ашық дереккөзі
Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус індетіне қарсы отандық вакцина Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке бір ай бұрын егілген. Бұл фактіні министрдің өзі растап отыр.
"Күн сайын клиникалық зерттеулердің нәтижелерін алып тұрдым. Анализдердің нәтижелері мен вакцинаның тиімділігін көрген соң, отандық вакцинаны егу туралы шешім қабылдадым. Содан бері көп уақыт өтті. Өзімді жақсы сезінемін, ешқандай катаральды құбылыстар мен дене қызуы болған жоқ", деді Асхат Аймағамбетов. Министрдің айтуынша, ол КВИ вакцинасын жасаудың әр кезеңіне қатысқан. "Жұмыс істеген жылдар ішінде зерттеушілер қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы көптеген препарат пен вакцинаны әзірлеп, қолданысқа енгізді. Олар еліміздің шегінен тыс жерлерге де жетіп, белсенді қолданылып келеді", деп мәлімдеді Білім министрі. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 1 тамызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында кандидаттық вакцина ретінде биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының екінші қазақстандық вакцинасы сәтті тіркелген еді.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар