сәрсенбі, 27 қараша, 2024 9:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан тоғыз адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан тоғыз адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан тоғыз адам қайтыс болды
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 986 адам ем қабылдап жатыр
Қазақстанда сегізінші желтоқсанда коронавирустан тоғыз адам қайтыс болды, пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Бір тәулікте 729 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 215 адамның пневмониямен ауыратыны анықталды. "Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 986 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 1 003 бала бар. Стационарларда 3 747 науқас жатыр. 10 239 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - делінген министрлік таратқан ақпаратта. Жалпы науқастардың арасында 231 адамның жағдайы ауыр, ішінде 33 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 38 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Айта кетейік, пандемия басталғалы 138 382 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 105 адам қайтыс болды. Бірінші тамыздан бастап 43 339 адам пневмонияға шалдықты, 456 адам қайтыс болды.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар