жексенбі, 24 қараша, 2024 0:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін дүниежүзілік жүрек күні

Бүгін дүниежүзілік жүрек күні
ашық дереккөзі
Бүгін дүниежүзілік жүрек күні

Жыл сайын 29 қыркүйекте бүкіл әлем бойынша дүниежүзілік Жүрек күні аталып өтіледі. Оның басты мақсаты: жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, оның пайда болу себептері мен алдын алу тәсілдері туралы ақпарат беру.

Жүрек-қантамыр аурулары (ЖҚА) бүкіл дүние жүзінде болатын өлімнің негізгі себебі: жыл сайын ЖҚА себебінен болатын өлім саны басқа ауруларға қарағанда өте көп. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Жанар Ибакованың айтуынша, жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы әр адамның өмірі үшін маңызды. Профилактика патологиялардың пайда болуы мен дамуына жол бермеу арқылы адамның өмір сүру сапасын жақсарту мен ұзарту үшін қажет. Қазіргі таңда медицина қызметкерлері жүрек-қантамыр аурулары қаупінің негізгі факторларын анықтады. Осының негізінде дәрігерлер салауатты өмір сүру салтына қатысты ұсынымдар әзірледі. Егер осы ережелерді дұрыс ұстанатын болса, адам үшін мейлінше көп уақыт аралығында тамырлары мен жүрегін сақтап қалуға мүмкіндік туады. Осындай патологияларды қалыптастыра алатын жағдайлардың тізімі кең. Негізгілердің ішінде мыналарды айта кеткен дұрыс: - Дене қимылының аз болуы немесе гиподинамия. Көп қимылдауға тырысыңыз! Өзіңізге және отбасы мүшелерінің теледидар мен компьютер алдында өткізетін уақытына шектеу қойыңыз. Отбасымен серуенге және таза ауаға шығып ойнауды ұйымдастырыңыз. Жүктеме кезінде тамырдың соғуы минутына 120-140-тан аспауы тиіс; - Стресс. Ол жүрек-қантамыр жүйесіне әсер етуі кезінде адреналин гормоны шығарылады да, жүректің жиі соғуына, тамырдың тарылуы мен қысылуына әкеледі. Осының салдарынан қан қысымы жоғарылап, жүрек бұлшықеті тозады. Тамырдың тарылуына профилактика жасау үшін қаланың қарбаласынан тыс жаққа, табиғатқа жиі шығу керек, өмірде болатын қандай да бір жайсыздықтарға, тұрмыста болатын кикілжіңге көңіл аудармауға, оның орнына өзіңізге позитивтік көңіл-күйлер сыйлауға тырысу қажет; -  Дене салмағының артуы денсаулыққа кері әсер етеді; - Майлы және ащы тамақты артық қабылдау. Жануардың майын (май, сары май, қаймақ, шұжықтың құрамында май көп) пайдалануды мейлінше қысқарту, ал тұзды тәулігіне 3-5 г дейін (шәй қасығынан аз) азайту қажет. Рационды жеміс-жидектер, көкөністер құрау керек; - Майлы, қуырылған және жоғары калориялы тағамдардан бас тартыңыз; - Қандағы холестерин деңгейінің артуы (норманың жоғары шегі 5,0 ммоль/л); - Жас келген сайын (45 жастан жоғары) жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі артады; - Ер адамдардың ағзасы жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының дамуына бейім келеді; -  Тұқым қуалаушылық; - Темекі шегу, алкогольдік ішімдіктер ішу. Никотин тамырларды тарылтады, сондықтан артериялық қан қысымы жоғарылайды. Тамыр қабырғалары зақымданып, оларда түйіндер жиналып, салдарынан жүрек-қантамыр аурулары пайда болады. - Артериялық қан қысымының жоғарылауы (140/90 мм сын.бағ. жоғары); - Қант диабеті немесе аш қарында қандағы қанттың жоғары болуы (қандағы глюкозаның қалыпты деңгейі 3,3-тен 5,5 ммоль/л); - Көрсетілген факторларды жою арқылы (толығымен немесе тіпті жартылай болса да) тек көңіл-күйді ғана жақсартып қана қоймай, сонымен қатар ұзақ өмір сүруге болады. Өзіңіздің цифрларыңызды біліңіз. Сіздің артериялық қан қысымыңызды өлшейтін, қандағы глюкоза мен холестериннің деңгейін анықтайтын, дене салмағының индексін есептеп беретін медицина ұйымына барып қаралыңыз. Жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін біле отырып, жүректің жағдайын жақсартуға арналған нақты іс-әрекет жоспарын әзірлеуге болады. Жүрегіңізді сақтаңыз! baq.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар