жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бір донор төрт адамның өмірін сақтап қалды

Бір донор төрт адамның өмірін сақтап қалды
Денсаулық сақтау министрлігі
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттау және жоғары технологиялық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы мәлімдеді.

Алматыдағы 4-клиникалық ауруханада көп ағзалық донорлық операция жүргізіліп, бір донор төрт адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Донор 1967 жылы туған ер адам болды, оның дәрігерлері мидың өлімін белгіледі. Отбасының келісімін алғаннан кейін көп ағзалық алу ұйымдастырылып, жүрек, бауыр және екі бүйрек алынды.

"Трансплантаттау бригадаларының уақтылы үйлестіруі мен жұмысының арқасында келесі трансплантаттаулар жүргізілді:

жүрек 1967 жылы туған пациентке қондырылды («Кардиология және ІА ҒЗИ» АҚ);

бауыр 1967 жылы туған пациентке трансплантатталды («А. Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО»);

оң бүйрек - 2006 жылы туған реципиентке («А. Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО»);

сол бүйрек - 1990 жылы туған пациентке («А. Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО»)", - делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, қазіргі таңда елімізде ағза күтіп тұрған 4521 адам бар, оның ішінде 106 балалар бар. 

Биылғы жылдың алғашқы 10 айында тізімдегі 272 адам донор табылмағандықтан көз жұмған.

Ал, биылғы жылдың 12 айында қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан тек 14 жағдай тіркеліп, сол арқылы 60 өмірлік маңызды ағза трансплантацияланған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар