жұма, 22 қараша, 2024 13:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ДДҰ коронвирустың екінші толқыны жоқ екенін мәлімдеді

ДДҰ коронвирустың екінші толқыны жоқ екенін мәлімдеді
ашық дереккөзі
ДДҰ коронвирустың екінші толқыны жоқ екенін мәлімдеді

Коронавирустың түрлері мен формалары COVID-19 пандемиясының екінші толқыны жоқ екенін көрсетеді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік директоры Дорит Ницан мәлімдеді.

"Коронавирустың түрлері мен формалары пандемияның екінші толқыны жоқ екенін көрсетеді", - дейді Ницан "Пандемия-2020: қиындықтар, шешімдер, салдарлар" конференциясында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда (коронавируспен ауыратындар саны) өсіп келе жатқан елдер мен науқастар саны азайып келе жатқан мемлекеттер де бар.

"Біз бұл жағдайды күнде бақылап отырамыз, төмендеу (ауру жұқтырғандар саны) бар елдердегі жағдайды зерттейміз", - дейді ол.

Ницан "көптеген адам коронавирустың өте қауіпті ауру екенін түсінбейтінін" атап өтті. Себебі әлемдегі халықтың тек 5 пайызы ауыр халде екен.

"Бірақ бұл 5 пайыз қатты зардап шегеді. Олардың өміріне қауіп төніп тұр. Бұл жағдай олар үшін өте қиын", - дейді директор.

Айта кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 вирусының өршуіне байланысты пандемия жариялады.

ДДҰ мәліметіне сәйкес, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 37 миллионнан асты. Індеттен 1 070 355 науқас көз жұмды.

  Tengrinews.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар