сенбі, 23 қараша, 2024 2:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Екінші толқыны жоқ": Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеме жасады

"Екінші толқыны жоқ": Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
"Екінші толқыны жоқ": Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеме жасады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың екінші толқыны жоқ екенін мәлімдеді. Бұл жөнінде ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Ницан "Пандемия 2020: қауіп-қатерлер, шешімдер, салдары" тақырыбында өткен халықаралық конференцияда сөз қозғады. "Коронавирустың түрлері мен формалары пандемияның ешқандай екінші толқыны жоқ екенін көрсетіп отыр", - деді ол. Ницанның сөзінше, қазіргі уақытта кейбір елдерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өссе, кей мемлекеттерде керісінше азайып жатыр. "Біз осы мәселені апта сайын бақылаймыз, коронавирустың деңгейі төмендеп жатқан елдердің жағдайын зерттеп отырамыз", - деді ұйым өкілі. Осы орайда Ницан тағы бір мәселеге тоқталып өтті. Ұйым өкілінің сөзінше, көптеген адам коронавирустың өте қауіпті ауру екенін түсіне бермейді, себебі әлемде халықтың 5 пайызы ғана індеттің ауыр түріне шалдыққан. "Алайда жаңағы 5 процент қатты қиналады, олардың өміріне қауіп төніп тұр. Олардың жағдайы ауыр", - деді Ницан. nur.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар