сәрсенбі, 8 сәуір, 2026 18:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде инсульттан болатын өлім-жітім көрсеткіші 25 пайызға азайған

Елімізде инсульттан болатын өлім-жітім көрсеткіші 25 пайызға азайған
ДСМ
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті

Елімізде инфаркттан болатын өлім 3,2 пайызға, инсульттан болатын өлім — 25 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстанда кардиологиялық қызметтің дамуы инфаркттан болатын өлімді төмендетуге және инсульт кезінде стационарлық өлімді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

— Қазақстанда инсультке арналған 85 орталық және 82 коронарография бөлімшесі жұмыс істейді. Жүрекке жасалатын жоғары технологиялық операциялардың саны арттырылды. Бұл инфаркттан болатын өлімді 3,2 пайызға, ал инсульттан болатын стационарлық өлімді 25 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді, — делінген хабарламада.

Ми қан айналымы бұзылыстарының (инсульттердің) профилактикасы мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде 50 жастан асқан ер адамдардың арасында 2 жылда 1 рет брахиоцефалиялық тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуін жүргізу арқылы скрининг енгізді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25 пайызға төмендету көрсеткішіне қол жеткізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңіріндегі алғашқы он елдің қатарына кірді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар