Індетпен күресте Таласта тындырымды тірліктер бар
- авторjambylinfo.kz
- 14 желтоқсан, 2020
- 227
Қазақстан COVID-2019 инфекциясының мүмкін деген екінші толқынына дайындықты күшейтті. Өйткені, әлемнің бірқатар елінде вирус қайтадан күш алып жатыр. Қазір Қазақстанда коронавирустың тәуліктік өсімі 0,4 пайыз. Бұл-көрші елдермен салыстырғанда анағұрлым төмен. Айталық, ТМД елдерінде өсім бұдан жоғары. Дегенмен, алда қауіпті кезең келе жатыр. Сол себепті, дайындық ширай түсті. Сонымен 71 мыңнан астам төсек орындары жабдықталып жатыр. Бұл қазіргіден 7 есеге көп. 3,5 мыңнан астам мобильді топ жасақталған. Өкпені жасанды желдетуге арналған 5000 құрылғы жеткізіледі.
Ал, өзімізге келер болсақ, Талас аудандық орталық ауруханасы COVID-2019 –дың екінші толқынына дайын екенін халық назарына жеткізеді. Атап айтқанда, білікті мамандар бар және 20 төсек-орнымен қамтылған провизорлық стационар ашылды және инфекция қарқыны күшейген жағдайда қосымша 20 төсек ашылуға дайын, барлық палаталар оттегімен 100 пайыз қамтылған. Дәрі - дәрмек қоры екі ай мерзіміне жеткілікті жинақталған. Қорғаныш киімдерімен толығымен қамтамасыз етілген. Аудандық орталық ауруханада 6 жасанды өкпе аппараты бар, қосымша 2 жасанды өкпе аппараты тапсырыс беріліп, қолданысқа алдық. Оттегі концентраты жалпы саны 24 дана (демеушілер есебінен 21 дана), кислородтық баллон 40 дана, қосымша 50 дана баллон сатып алуға портал берілді. Контактсіз дене қызуын өлшеу үшін 29 дана құрал алынып, ТАОА барлық бөлімшелер мен дәрігерлік амбулатория қамтамасыз етілді. Аудандық орталық ауруханада оттегі жүйесі жұқпалы аурулар бөлімшесіне толығымен кіргізіліп, 21 нүкте, яғни 21 науқасты оттегімен қамтамасыз ету мүмкіншілігімен қоса 8 ИВЛ аппаратын қосуға нүктелер қойылып, жұмысқа тапсырылды, толыққанды жұмыс істейді. Аудандық орталық ауруханада жалпы оттегі жүйесі барлық бөлімшелерде қамтылған.
Осы орайда, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, вирустың бірінші толқынында дана халқымыз сыналар сәтте вирусты жеңуге белсене атсалысып, бір-біріне қол ұшын созып көпке жасаған көмегі орасан зор.
Біз сіздердің COVID-2019 екінші толқыны бола қалған жағдайда карантиндік режимді қатаң сақтайтындарыңызға күмәніміз жоқ.
Есмахан ИМАММЫРЗАЕВ,
Талас аудандық орталық аурухананың бас дәрігері
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз