Денсаулық
Коронавирус пен пневмониядан тағы он бір адам қайтыс болды
- авторjambylinfo.kz
- 24 желтоқсан, 2020
- 298
Коронавирус пен пневмониядан тағы он бір адам қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан тоғыз адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан екі адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бір тәулік ішінде 754 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 156 адам пневмонияға шалдықты.
24 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 126 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 630 пациент стационарда, 19 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында 231 адамның жағдайы ауыр, 47 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.
42 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Пандемия басталғаннан бері барлығы 149 462 адам коронавирус жұқтырды, 1 тамыздан бастап 44 951 адам пневмонияға шалдықты.
Коронавирустан 2 218 адам, пневмониядан 483 адам қайтыс болды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
1553 науқас коронавирус індетінен айықты
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық
Енді еңбекке жарамсыз анықтаманы дәрігер жұмыс орнына тікелей жібереді
- авторjambylinfo.kz
- 13 желтоқсан, 2024
Денсаулық
Жамбылда ЖРВИ-мен ауырған балалар саны 62,5%-дан пайыздан асты
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 желтоқсан, 2024