жұма, 22 қараша, 2024 17:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Коронавирусты қайта жұқтыру мүмкін бе – маман пікірі

Коронавирусты қайта жұқтыру мүмкін бе – маман пікірі
ашық дереккөзі
Коронавирусты қайта жұқтыру мүмкін бе – маман пікірі
«МедЛайн» медициналық орталығының пульмонолог дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Константин Гаркалов Қазақстандағы COVID-19 жағдайы жөнінде өз болжамдарын айтты. Пульмонолог коронавирустың суыққа қалай әсер ететінін түсіндірді және COVID-19 келесі толқынының қалай өтетіні туралы пікірін білдірді. «Суықтың өзі коронавирус инфекциясының таралуына еш әсер етпейді. Біз Ресей мен Еуропада коронавирустың жазда және қыста бірдей тез таралатынын көріп отырмыз. Коронавирустың екінші толқынына келсек, ғалымдар коронавирустың таралуының бірнеше нұсқасын модельдеп көрді. Біріншісі – жазықтағы төбелер, яғни аздап көтеріледі, сосын жағдай тұрақтанады, содан кейін қайтадан көтеріледі. Екіншісі – кішкентай өзгерістер болатын баяу шеңбер, ал үшінші нұсқа – үлкен дауыл, яғни жаппай жұқтыру болады, күрт төмендейді, содан кейін аурудың төмен деңгейі қалады», - деді К. Гаркалов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, Қазақстанда коронавирустың таралуының үшінші нұсқасы байқалды. «Енді шілде айындағыдай жұқтыру саны көп болмайды деп ойлаймын. Әрине, коронавирус инфекциясы ешқайда кетпеді, әлі ауырмаған адамдар бар. Бірақ маусым-шілде айларында болған екінші толқын енді болмайды деп ойлаймын. Бірінші толқынның тәжірибесі бар және денсаулық сақтау жүйесі тыңғылықты дайындалды. Екіншіден, қазір халық вирустың қаупін бұрынғыдан да жақсы түсінеді және сақтану шараларын жасайды. Үшіншіден, қазір жазда ауырмағандар ауыруы мүмкін. Ал көпшілігі жазда ауырып қойған еді», - дейді пульмонолог. Сонымен бірге, дәрігер коронавируспен қайта ауыру жағдайларын мұқият зерттеп, дәлелдеу қажеттігін айтты. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты қайта жұқтыру жағдайын ресми растаған жоқ. Бірақ ДДҰ жанынан осы жағдайларды зерттейтін ғалымдардың арнайы тобы құрылды. Қытайдағы бір пациентте ПТР сынамасы үш ай бойы оң нәтиже көрсетіп келді. Оған әр апта сайын зерттеу жүргізілді. Мұнда шырышты қабатта қалған вирус бөліктері тестке реакция жасады деген дәлелдер бар. Негізі науқас клиникалық түрде жазылған, бірақ ПТР тесті оң нәтиже көрсете берген. Бұл өте қиын мәселе, мұнда жұқтырудың шынымен қайталанғанын дәлелдеу керек. Ұлыбритания ғалымдарының иммунитет бір жылға, тіпті кейбір адамдарда үш жылға созылуы керек деген зерттеулері бар. Егер антиденелер болса, олар жұмыс істеуі керек», - дейді маман. Сонда да дәрігер қарапайым вирустан қорғану жолдарын ұстануға шақырды. «Әрине, қорғаныс құралдарын пайдалану керек. Маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, қолыңызды сабынмен жиі және мұқият жуыңыз. Жақсы ұйқы, таза ауада серуендеу, жақсы көңіл-күй иммунитеттің күшеюіне ықпал етеді», - деп толықтырды Константин Гаркалов.   inform.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар