бейсенбі, 22 қаңтар, 2026 18:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Министрлік медициналық ұйымдардың жоспарлы тексерулерін қайта бастайды

Министрлік медициналық ұйымдардың жоспарлы тексерулерін қайта бастайды
ДСМ
2026 жылға бекітілген кестеге сәйкес бақылау іс-шараларымен 118 мемлекеттік және жеке медициналық ұйым қамтылатын болады

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық ұйымдардың медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді қайта бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2026 жылға бекітілген кестеге сәйкес бақылау іс-шараларымен 118 мемлекеттік және жеке медициналық ұйым қамтылатын болады. Бақылау іс-шаралары барысында білікті мамандардың, тиісті медициналық жабдықтардың, сондай-ақ белгіленген нормативтерге сәйкес келетін үй-жайлардың болуына басты назар аударылатын болады.

Сонымен қатар, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 57 медициналық ұйым профилактикалық бақылаудан өтеді. Профилактикалық бақылау денсаулық сақтау саласындағы бұзушылықтардың алдын алу, медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ пациенттердің құқықтарын қорғау мақсатында жүргізіледі.

Тексерулер заңдылық, объективтілік және ашықтық қағидаттарын сақтай отырып, қолданыстағы заңнама шеңберінде қатаң түрде жүзеге асырылатын болады. Оларды жүргізу медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ пациенттердің құқықтарын қорғауға бағытталған.

Бақылау іс-шараларын жаңғырту мемлекеттік қадағалауды нығайту және елімізде медициналық қызметтер көрсетудің бірыңғай стандарттарын қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. МФБК-ның рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне соңғы жоспарлы тексерулер 2023 жылы жүргізілді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар