сәрсенбі, 27 қараша, 2024 3:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Республика «жасыл» аймақта тұр – Қиясов

Республика «жасыл» аймақта тұр – Қиясов
ашық дереккөзі
Республика «жасыл» аймақта тұр – Қиясов
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде  ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты.
9 желтоқсандағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 138 382 науқас және коронавирустық инфекциямен 43 339 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте 729 КВИ+ жағдайы және 215 КВИ- жағдай анықталды. Бүгінде республика «жасыл» аймақта тұр. Жоғары қауіпті немесе «қызыл» аймақта 2 өңір – Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысы бар. Алдыңғы аптаме салыстырғанда «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа Қостанай және Ақмола облыстары ауысты, сонымен қатар, «сары»аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстары тұр. «Сары» аймақтан «жасыл» аймаққа БҚО ауысты, қалған өңірлер «жасыл» аймақта. Өткен екі апта ішінде коронавируспен сырқаттанғандар саны 10%-ға өсіп отыр. Аймақтар бойынша ауру-сырқаудың өсімі Атырау (1,9 есе), Жамбыл (1,8 есе), Ақмол (1,7 есе), Павлодар (1,5 есе) облысында байқалып отыр, - деді ол.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ауру көрсеткіші жоғары өңірлерде қатаң шаралар сақталған. Сонымен қатар, ауру көрсеткіші аз аймақтарда карантин шаралары жеңілдетіліп жатыр. Шығыс Қазақстан облысының «сары» аймаққа енуіне байланысты кейбір облысішілік автобус, микроавтобус және басқа да жолаушы тасымалымен айналысатын транспорт бағыттарының жұмысына жеңілдік берілді.
Апта күніне қарамастан, ашық азық-түлік базарларының жұмысына рұқсат берілді. Сондай-ақ, өзге 4 өңірдегі сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс кестесіне (1 сағатқа ұзарды) өзгеріс енгізілді және демалыс, мереке күндерінде жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Алматы және Қарағанды қалаларында сауда нысандары мен сауда үйлері және сауда-ойын-сауық орындарында орналасқан халыққа қызмет көрсететін мекемелердің жұмысына рұқсат берілді, - деді ол.
baq.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар