Сovid-19 белсенділігін бақылауға болады
Ресей дәрігерлері коронавирустың белсенділігін басатын дәрі әзірлеген.
Ставрополь өлкесінің Денсаулық сақтау министрлігі Пятигорск қалалық клиникалық ауруханасының бір топ дәрігерлері вирустың белсенділігін басатын дәрі жасаған. Медициналық препарат уыттылық пен вирусқа қарсы белсенділігін анықтайтын зерттеулерден өткен.
Бұл препараттың әсері "антисензиялық терапия"деп аталатын емдеу әдісіне негізделген. Әзірлеушілердің айтуынша, препарат вирустық жүктемені осы препаратсыз жұқтырылған жасушалардың бақылау тобымен салыстырғанда 5,3 - 13 есе төмендетуі мүмкін.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз