Денсаулық
Түркия дәрігерлері тәжірибе бөлісу үшін Түркістанға келді
- авторjambylinfo.kz
- 28 сәуір, 2021
- 307
Түркия дәрігерлері тәжірибе бөлісу үшін Түркістанға келді
Түркістанда Халықаралық симпозиум басталды.
27-28 сәуір күндері Түркияның үздік хирург дәрігерлері өз тәжірибелерімен бөліседі. Шара барысында балалардың туа біткен аурулары мен сүт безі қатерлі ісігін ота әдісімен емдеу мәселелері талқыланбақ. Айта кетсек, симпозиумға Түркияның «Лив Улус» клиникасының білікті дәрігерлері арнайы келді. Бүгінде Түркияның 17 қаласында аталмыш мекеменің 37 ауруханасы бар. Жиында алғашқы болып хирургия саласында 33 жылдық тәжірибесі бар Селами Сезюбир сөз сөйледі. Оның айтуынша, пандемия жағдайында B2B форматында кездесу ұйымдастыру дәрігерлер үшін зор мүмкіндік.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз